Құқық және қаржы! Бүгінгі күнгі адам өміріндегі өзекті ұғымдар. Міне осы өмірде керек ұғымдармен оқушыларды таныстыру мақсатында «Парасат» мектеп - лицейінің ұйымдастыруымен Бескөл ауылы мектептерінің жоғары сынып оқушыларына арнап «Қаржылық және құқықтық сауаттылық» атты аудандық бейне конференция өтті. Конференцияға Республикалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қызылжар ауданы бойынша филиалының бас маманы Сара Бейбітқызы Сатыбалдина, жұмыспен қамту орталығының бас маманы Марат Талғатұлы Нубаев және «Digital urpaq» орталығының бизнес тренері Нұргүл Төлегенқызы Болатова спикерлер ретінде шақырылды. Конференция барысында мамандар оқушыларға қаржы және құқықтық сауаттылық туралы алғашқы түсініктер мен өмірге керек дағдылар туралы айтты. Конференция соңында спикерлер оқушылардың және жүргізуші Ермек Балтабекұлы Мустафиннің сұрақтарына жауап бере отырып, кері байланыс ұйымдастырды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау