2021 жылы 18-29 қаңтар аралығында «Парасат» мектеп-лицейінде бастауыш сыныптар арасында «Жаңа білімге –жаңаша көзқарас» атты бастауыш сыныптар онкүндігі болып өтті. Онкүндік оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды, мақсаты:
1. Білімді шығармашылықпен қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, АҚТ- ны қолдану, тілдік дағдыларын қалыптастыру, қарым - қатынас орнату.
2.Достықта, ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшелктерін ескере отыра, рухани – адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету .
• Оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;
• Сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.
Бұл онкүндік бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті
Онкүндіктің бір ерекшелігі қашықтықтан оқып отырған оқушылар да қатысты. Математика күніне байланысты. «Кім жүйрік?» математикалық жарыс ойыны, дүниетану күніне «Ең ақылды» экологиялық викторина өткізілді.
Оқушылардың жазу каллиграфиясын дұрыстау бағытында «Алтын қалам» ең үздік қазақ тілі дәптерлерінің көрмесі ұйымдастырылды.
«Баласы кітап оқыған ел» атты іс-шараны мектеп кітапханашысы Смагулова А.Д 1-сынып оқушыларын кітапханаға саяхат жасатып кітап қорымен таныстырды.
Мұғалімдер өткізген сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.
Барлық өткізілген іс-шараларға, тәрбие сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты. Биылғы оқу жылында қатарымызға қосылған жас мамандар өз сабақтарын жақсы деңгейде өткізді