«Қашықтан оқу жағдайындағы 11-сынып оқушысының білім көрсеткіші» атты тақырыпта мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен zoom платформасы арқылы кездесу өтті.
Ата – аналармен онлайн кездесу
«Қашықтан оқу жағдайындағы 11-сынып оқушысының білім көрсеткіші» атты тақырыпта мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен zoom платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – ата-аналар қауымына бүгінгі күннің талаптарын түсіндіре отырып, оқушының білімі туралы ақпарат беру.
Кездесудің алғашқы сәтінде мектеп басшысы С.К.Елеукина сөз алып, қашықтан оқытудың ерекшеліктеріне тоқталды.
Мектеп басшысы өз сөзінде баланың басты тәрбиешісі ата-ана екендігін ерекше атап, түлектердің қалаған мамандығы бойынша оқу орындарына түсуге жан-жақты қолдау көрсету керек екендігін айтты.
Сагат Курмангалиевна білім беру ұйымының басқарушысы ретінде ата-аналарға сәттілік тілеп, жұмысты нәтижелі орындауға мотивация берді. Кездесу барысында ата-аналар оқушылардың білім көрсеткіші мен ҰБТ-ға дайындықтары туралы мәліметтермен танысты.
Ата-аналар өздерінің тарапынан балаларын әрқашан қолдайтынын айтып, кездесуді ұйымдастырып отырған мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді.