Заманауи педагогикалық кеңес
«Қашықтықтан оқу жағдайындағы І тоқсанның білім сапасы» тақырыбында «ZOOM» бағдарламасы арқылы педагогикалық кеңес онлайн түрінде өтті. Кеңеске мектеп ұжымы 100% қатысты. Алдын -ала белгіленген күн тәртібіне сәйкес, баяндамашылар І тоқсанның білім көрсеткішін ұжыммен бірге талдады. Қашықтықтан оқу жағдайындағы оқу -тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес 2020-2021 оқу жылында қалыптастырушы бағалаудың тиімді жақтарын мұғалімдер өз талдауларында айтып, келесі оқу тоқсанына міндеттемелерді белгіледі.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау