«Абай-дана, Абай-дара» Абай Құнанбайұлының175 жылдығына арналған аудандық онлайн семинар. Әсемпаз болма әрнеге . Өнерпаз болсаң арқалан, Сенде бір-кірпіш,дүниеге, Кетігін тап та,бар қалан! Ұлы Абай атамыздың осы өлең жолдары әр қайсымыздың жүрегіміздің түбінен орын алғанын білеміз,әр адам әнін жырлап,өлеңдерін оқып,қара сөздерін ойға түйіп ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді емес пе?! Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына175 жыл толуымен елімізде үлкен іс-шаралар өтуде,соған орай біздің лицейімізде де ауқымды жұмыстар жүргізілді.Аудандық оқу бөлімінің 2020-21оқу жылына арналған медиа жоспары негізінде,Абайдың философиясы мен мәдениеті арқылы рухани құндылықтарды дамыту,жалғастыру мақсатында «Абай-дана,Абай-дара» атты аудандық онлайн семинарды Zoom платформасында ұйымдастырып жоғарғы деңгейде өткіздік.Семинарға қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, музыка пәнінің мұғалімдері,аудандық кітапхана қызметкері,білім бөлімінің әдіскері қатысты. «Парасат»м-л директоры Сағат Құрманғалиқызы баяндамасында Абай Құнанбаев өлеңдері мен М.Әуезовтың «Абай жолы»кітаптары АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласындағы конгрестің кітапханасында 470 тілде жазылған 155 миллион кітаптың, қолжазбалардың шоғырланған ортасында алдыңғы қатарда тұрғанын айтып өтті. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» тақырыбында аудандық кітапханашы Балзия Янгибайқызы Қылышбаева баяндамасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген аудан бойынша іс-шараларды баяндап,қара сөздеріне тоқталып кетті. Оқырмандарына және мектеп мұғалімдеріне қашықтық кезінде кітапханамен жұмысты тоқтатпай жалғастыруды назарга алды. «Еліміздің білім беру жүйесінде Абай мұрасын оқыту»тақырыбын ортаға салған тарих пәнінің мұғалімі Алібек Жүрбекұлы Әбілов баяндаса,«Абай өнегесі» тақырыптары негізінде «Парасат»м-л де өткізілген іс-шараларды қазақ тілінің мұғалімі Жанат Уалиханқызы Уатаева жүйелеп берді. Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Ләйлә Шортанбайқызы Рахимжанова Абайдың әндерінен попурри шырқады.Семинарды қорытындылау сөз, аудан білім бөлімінің әдіскері Асия Искенқызы Байгужиновага берілді.Семинарга аудан бойынша 41 мұғалім қатынасып өздеріне керек мағлұматтар алдық деп кері байланыс берді.Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жалғасын табады деген ойдамыз.