Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

Қазақстан балалары – күзгі интерактив!

«Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» 

күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы ұсыныстар 

(2020 жылғы 5-14 қараша аралығында) 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» заң негізінде.

«Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар (бұдан әрі – Ұсыныстар) оқушылардың каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған.  

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

Демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру – бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі.  Сонымен қатар бұл – балалардың шығармашылық дамуына, олардың рухани әлемі мен интеллектісін байытуға мүмкіндік береді. Мектеп демалысы – балаға, оның   әлеуметтік қорғалуына ерекше назар аударатын аймақ.  
Карантиндік шаралардың қатаңдатылуына байланысты барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді.

Ұсыныстардың мақсаты – күзгі каникул кезінде балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың жалпы тәсілдерін әзірлеу, білім беру ұйымдарында шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру.

Тапсырмалар: 

  1. күзгі каникул кезінде балалардың демалысын және жұмыспен қамтылу жүйесін сақтау мен тұрақтандыруға бағытталған жағдайларды жасау;
  2. демалыс     кезінде       балаларды          жұмыспен  қамту,        демалыс          пен денсаулықтарын жақсарту бойынша әдістемелік қолдау көрсету;
  1. күзгі каникул кезінде 1-11 сынып оқушыларының іс-шараларға, оның ішінде қашықтан қатысуын қамтамасыз етілу керек.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь