Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыруға, әрине, бірінші кезекте – балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы осының дәлелі. 1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. 1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні 20-қараша – дүниежүзілік балалар күні 10-желтоқсан – адам құқығы күні. 10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады Бәйтерек орта мектебінде Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» іс- шаралары аясында «Өмірдің қауіпті қырлары және оны жеңу жолдары » тақырыбында 8-сынып оқушыларымен жасөспірім ісі жөніндегі инспекторы Балгожанова Айнур Ериковнамен онлайн кездесу өткізілді.Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бубешева Н.М., әлеуметтік ұстаз Мендыбаева А.К.және сынып жетекшілері қатысты.
Мақсаты – адам бойында болатын адамгершілік, мейірімділік сезімдерін арттыру, жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту. Балалардың ойын ашып, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. В байтерекской средней школе в рамках мероприятий, посвященных Всемирному дню ребенка «права ребенка – права человека», проведена онлайн встреча с инспектором по делам подростков 8 класса Балгожановой Айнур Ериковной на тему «Опасные грани жизни и пути ее преодоления».В мероприятии приняли участие заместитель директора по воспитательной работе Бубешева Н.М., социальный педагог Мендыбаева А. К. и классные руководители.