«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты тақырыбында греко-рим күресінен әлем чемпионы Бекболатов Аманғали Нұрболатұлымен онлайн кездесу 5-8 сынып оқушыларымен өтті.
Оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру үшін 12 қараша күні «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты тақырыбында греко-рим күресінен әлем чемпионы Бекболатов Аманғали Нұрболатұлымен онлайн кездесу 5-8 сынып оқушыларымен өтті. Аманғали Нұрболатұлы өзінің өмірбаяны және спорттағы жетістіктері жайлы бөлісті. Оқушыларға тек спортпен шұғылданып, сабаққа салғырт болмаңдар деген ағалық ақылын айтты. Бүгінгі күні ағылшын тілін білу өзектілігін ескертті.Чемпион отбасы құндылығын жоғары орынға қоямын дей отырып, оқушылардың саналарына тәрбиелік мәні бар сөздерді жеткізді.Кездесу қашықтықтан болса да оқушыларға үлкен әсер берді. Оқушылар Аманғали ағаларына бар игі тілектері мен алғыстарын айтты.