Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

«Парасат» мектеп- лицейінде «Кітап – білім бұлағы» атты игі жоба бастамасын алды.

Мемлекет президенті Қ. Тоқаев 2020 жылы 22 қазанда Ұлттық кеңестің төртінші отырысында: - Беделді халықаралық зерттеу қорытындылары біздің оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша дағдылары жеткілікті деңгейде дамымағанын көрсетіп отыр. Сондықтан оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту еліміздегі орта білім беру ісінің басым бағытына айналуға тиіс. Баланың оқуға деген қызығушылығы, қоршаған ортаны кітап арқылы тануы мектеп қабырғасында қалыптасу керек. Ал кітапхана оқушының сол ынтасын оятып, оны қызықты кітап әлеміне жетелеуі қажет, – деді. Осы мақсатты іске асыру үшін күзгі каникул қарсаңында «Парасат» мектеп- лицейінде «Кітап – білім бұлағы» атты игі жоба бастамасын алды. Жоба 1 -11 сынып оқушыларына оқу жылындағы 7 айда 7 әдеби кітап оқуын қарастырады. «Кітап білім бұлағы» атты жобасы бойынша ұсынылған кітаптар тізімі аудандық және мектеп кітапхана қорына сүйеніп, мектептің әдебиет пәні мұғалімдерінің сараптауынан өтті. Ендігі біздің айтарымыз «Жас оқырман, кітап әлеміне қош келдің!»


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь