Қызық көп күзде – деп ақын атамыз жырлағандай «Парасат» мектеп лицейінде оқушылар асыға күтетін дәстүрлі «Күз сыйы» байқауы өтуде.
Сарғайды тоғай, Сап-сары маңай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып. Жапырақ ұшты, Суық та түсті. Сонда да бізге, Қызық көп күзде – деп ақын атамыз жырлағандай «Парасат» мектеп лицейінде оқушылар асыға күтетін дәстүрлі «Күз сыйы» байқауы өтуде. Оған оқушылардың өздері ата – аналарымен бірігіп жасаған тақырыпқа сай шығармашылық заттары қойылуда. Бау бақшамызда піскен әр – түрлі жеміс, көкеністерден оқушы қиялының ұшқырлығын көрсететін түрлі мүсіндер мен заттар жасалуда. Айталық сары жапырақтардан жасалған жапырақ құрты, кабачкиден істелінген желкенді кеме көрермендерді таң қалдыруда.