Қазақ халқының тұтас бір дәуірін, мәдениетін өнері мен әдебиетінің асқақ шыңын бейнелейтін кемеңгері- Абай Құнанбаев екені даусыз. Бүгінде ұлы ақынның шығармалары мен тарихи ғұмырын насихаттау арқылы Абай Құнанбаевтың танушыларын көбейту басты міндетіміз. Олай болса, Абай атамыз айтқан сөздердің өнегесін жас ұрпаққа жеткізу, олардағы тұнып тұрған ақыл және ізгі сезіммен бала жаратылысын нұрландыруда «Абайтану әліппесінің» маңызы зор.Кішкентай бүлдіршіндеріміздің тілін Абай атамыздың өлеңдерін оқыту арқылы дамытуымыз керек. Әліппедегі «Сөйлейтін» қаламның көмегімен балалар кітаптың мазмұнын тыңдай алады, Абай атамыздың өлеңдерін үйрене алады. Міне, осындай заманауи кітаптың «Парасат» мектеп-лицейінің кітапханасында болуы-көңілімізге қуаныш ұялатады. Электронды оқулықтың көмегімен оқушыларымыз Абай Құнанбаевтың шығармашылығын біздің оқушыларымыз қызыға оқиды деген сенімдеміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау