«Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты челлендж «Парасат» мектеп-лицейінің оқушылары қашықтықтан ұйымдастырды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Адам әрдайым қимыл-қозғалыста болса, жұмыс жасау қабілеті жоғарылап, белсенділігі артады. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “дені саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт.