Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы. Осыған байланысты 2013 Қазақстан Президентінің жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде "Отбасы күні" болып аталып келеді. Осы орайда біз оқушының отбасына деген сүйіспеншілік сезімін нығайту мақстында, оқушылардан отбасылық фотосуреттерімен бөлісулерін сұрадық. Сіздердің назарларыңызға «Менің отбасым» тақырыбындағы оқушылар жіберген отбасылық фотосуреттері топтамасы.