Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған апталық өтті.
Ағымдағы жылдың 24 -28 тамыз аралығында Бескөл ауылының «Парасат» мектеп – лицейінде Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған апталық өтті. Апталық қашықтықтан оқыту және жұмыс ережелеріне сай жүрді. 1-6 сынып аралығындағы оқушылар арасында «Менің отбасым – менің Қазақстаным» суреттер байқауына оқушылар қашықтықтан белсене атсылысты. Өздерінің отбасы мен елімізбен қалай байланыстыратынын сурет тілімен көрсетуге тырысты. Осы апталық аясында 7 – 11 сыныптар аралығында «Конституцияны білу – Ата заңды құрметтеу!» тақырыбында сынып сағаттары болды. Сынып сағаттарында сынып жетекшілер дайындаған таныстырылым көмегімен , мемлекет негізі Ата заң – Конституция екенін, Конституция қоғамдағы барлық саланы реттеуші заңдар негізі екенін жеткізіп бақты. Сонымен қатар Конституция бойынша азаматтарға берілген құқықтар мен міндеттер таныстырылып өтті. Конференция режимінде өткен сынып сағаттарында оқушылар сұрақтарына жауап берліп, пікір бөлісу орын алды.