28 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы СҚО ПК БАИ әзірлеген «Өрлеу» және мектеп серіктестігіндегі сабақ» жаңа білім беру жобасы аясында «Парасат» мектеп-лицейінде «Өрлеу» филиалының тренері Мусетаева Гүлмайда Насиевна және аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдульманова Сагила Акановна 5 «б» сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен бірлескен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы оқу бағдарламасына сәйкес Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаяты. Тренер мұғаліммен бірлесе сабақтың мақсатына жету үшін түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды. Атап айтсақ, өткен материалды қайталау ақпараттық технологияны қолданылып, «Plikers» бағдарламасы арқылы орындалды. Топтық, жұптық, жалпысыныптық, жеке жұмыстар түрлері болды. Сабақта оқушылар белсенділік танытты. Мұғалім, тренер және білім алушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнады. Сабақ нәтижесінде оқушылар оқу мақсатына жете алды.
Сабаққа аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері және басқа да әріптестер қатысып, өздерінің тәжірибе қоржынын толықтырды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау