ҚР Білім және Ғылым министрлігі мен Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 27-30 қаңтар аралығында Бурабай өңірінде орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жобаларының «Зерде» 15 республикалық конкурсы өтті. Байқауға облыстық турда жеңімпаз атанған «Парасат» мектеп лицейінің оқушылары да қатысты.
Осы сайыста Бақыт Нұрай 2дәрежелі дипломмен, Сыздықова Сабина, Есбол Сабина 3 дәрежелі дипломмен және Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының сертификатымен марапатталды. Ғылымға қанат қаққан оқушыларымыз мұғалімдердің еңбегін ақтап, облысымыздың мақтанышына айналды. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыта білген ізденімпаз ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау