28 қаңтар күні қазақ тілінен өткізілген аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасына мектебіміздің 7-11 сынып оқушылары 5 бағыт бойынша («Білгірлер бәйгесі», «Жас қаламгер»,«Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар», «Бейнелеушілер») қатысты.
Олимпиаданың мақсаты - мемлекеттік тіл мерейінің өсе түсуіне үлес қосу, жастардың шығармашылық қабілетін ашу, әлеуметтік белсенділігін арттыру.
«Сөз шеберлері» байқау кезеңінен «Парасат» мектеп- лицейінің 11 сынып оқушысы Курмашева Аружан 3 орын, жетекшісі Арықова Э.Е. «Жас қаламгер» байқауынан 2 орын 11 сынып оқушысы Жалелова Тәттігүл ,жетекшісі Арыкова Э.Е. «Білгірлер бәйгесінен» 9 сынып оқушысы Қошқарбай Ұмсынай 2 орын, жетекшісі Аяпбергенова А.С.
“Әнші-бұлбұлдар” байқауында Жалелова Тәттігүл 1орын, 7 сынып оқушысы Сәбит Абзал 2 орын,жетекшілері Рахимжанова Л.Ш
Облыстық кезеңге “Әнші-бұлбұлдар” байқауында Жалелова Тәттігүл жолдама алды. Алдағы уақытта да оқушыларымыз осындай байқауға қатысып,жеңіс дипломдарына ие болатынына кәміл сенім артамыз. Мұғалімдерге қажырлық және шығармашылық табыстар тілейміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау