«Мен – ОФФЛАЙН» 26-қаңтар – Халықаралық «Мен – ОФФЛАЙН» интернетсіз күнге орай мектебімізде жоспарлы түрде 20-24 қаңтар аралығында бірнеше іс-шаралар өтті. Бұл күннің негізгі мақсаты – интернетке тәуелділіктен арылту, оны қолдану мәдениеті мен ата-аналардың интернет қауіпсіздігіне жауапкершілігін арттыру. Осы акция аясында: «Спорт күні», «Әскери өнер күні», «Музыка күні», «Қол өнер күні» және «Би күндері» болып өтті. Мектеп оқушылары бір уақыт болсын қолдарындағы гаджет, смартфондарын қойып іс-шараларға белсене қатысты.