Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

«Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім кепілі» тақырыбында өткен педагогикалық кеңес

«Жаңартылған білім беру мазмұны – сапалы білім кепілі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ  «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын мектеп директоры Сағат Құрманғалиқызының талқылауынан басталды. «Педагог мәртебесі туралы» заңын жүзеге асыру жолдары қарастырылып, педагогтік әдеп жөніндегі кеңес құрылды.
Келесі кезекте ағылшын тілі мұғалімі Бейнегүл Ермекқызы ұжым мұғалімдерімен «Fulbright Teaching Excellence and Achievement Program» тақырыбында өзінің шетелдік сапарымен бөлісті.         
Педагогикалық кеңес отырысы барысында ІІ тоқсан қорытындысы негізінде оқушылардың сынып деңгейіндегі үлгерімдері кеңінен талқыланды. Талқылау барысында мұғалімдер критериалды бағалаудың маңыздылығын тағы бір атап өтті.
Педагог қызметкерлерінің жаңа форматтағы аттестаттау  ережелерімен таныстыру сұрағы да  кеңес отырысынан тыс қалмады.
Педагогикалық кеңес отырысының бір ерекшелігі – ұжымды бір бағытта жұмыс атқаруға жұмылдыратын тренингінің сәтті өтуінде болды.
Мұғалімдердің І жартыжылдық жетістіктері туралы мониторинг жасалды. Елімізде  «Еріктілер жылы» атап өтілетіндігі туралы ақпаратпен мұғалімдер осыған дейін де хабардар болатын. Осы отырыстың шешімімен  ерікті түрде мектепішілік «Еріктілер» командасы құрылды. Алдағы уақытта мектеп ұжымы белгіленген міндеттерді атқаруға күш жұмсамақшы.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь