Жаңа Жылды қарсы алу Жыл басына таласқан аңдар ертегісіндегі Жыл басы болған - Тышқан жылын қарсы алу ерекше өтті. Жаңа жылдық көңіл-күй қалыптастырудың жолы - мектепті тиісінше безендіру. Ұжым мен оқушылар жұмыла отырып ауланы, кіре беріс дәліз бен акт залын безендіру қызу басталып кетті. Жалпы композицияның аты «Сиқырлы Жаңа Жыл» деп аталды. Шағын орталық, даярлық топ және бастауыш сынып ата-аналарының ұсынысымен бүлдіршіндер 22-желтоқсан күні Петропавл қаласындағы С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрына Жаңа жылдық шыршаға барды. Ондағы қойылған қойылымдар оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шығып, есте қалар Жаңа жыл болды. 5-7 сыныптардың кеші 26-желтоқсан, ал 8-11 сыныптарда 30-желтоқсан күндері өтті. Бұл арада мүмкіндігі шектеулі балалар да назардан тыс қалмады, сынып жетекшілер мен кәсіподақ ұйымы тәтті сыйлықтармен үйлеріне барып құттықтап, қуантты. Осылайша жақсы көңіл-күймен, шат-шадыман күлкімен, бір-біріне жақсы тілектер тілесіп, Жаңа жыл – Тышқан жылын қарсы алдық. Жаңа Жыл құтты болсын!