«Менің жерім – Менің Қазақстаным» 12-желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесі атап өту қарсаңында «Парасат» мектеп-лицейінде 2-5 сыныптарда «Менің жерім – Менің Қазақстаным» ашық тәрбие сағаттары өтті. Басты мақсат: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, Желтоқсан құрбандары өмірін үлгі ету, өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.