Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында 29 қарашада "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында 29 қарашада "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау өтті. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға ұйымның мақсат, ережесімен таныстырылды. Қабылдаудың негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, іске жауапкершілікпен қарауды, ел тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатысушылықты қалыптастыру болып табылады. Біз "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ББЖҰ жаңа мүшелерін осы тамаша оқиғамен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға оқуда табыс, зияткерлік жетістіктер мен шығармашылық жеңістер тілейміз!