2019 жылдың 19 қараша күні, сағат 14:55-та «Парасат» мектеп-лицейінде мектепішілік эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы бұйрықтың негізінде және төтенше жағдайлардың алдын алу, адамдарды қауіпсіз жерге шығару мақсатында оқу жаттығу өткізілді. Ауа райының күрт сууына байланысты қауіпсіз жер мектеп спорт залы болып бекітілді.
Мектеп радиотаратқышынан арнайы дабылдық белгі берілгенде мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер мен сабақ беріп жатқан пән мұғалімдері, мектеп жұмысшылары 2 жарым минуттың ішінде спорт залға жиналды. Жиналып болғаннан кейін тәрбие ісінің меңгерушісі Утеев Н. С. мен АӘД ұйымдастырушысы Абылов Т. Ж. қосымша қауіпсіздік ережелері мен оқу жаттығудың қандай мақсатта және қалай жүргізілетіні туралы айтты. Бұл іс-шараға ІІ және ІІІ ауысым оқушыларының 271 оқушыдан 181 оқушысы, мұғалімдер мен жұмысшылардың 35 адамы қатысты. Қорытындылап айтқанда мұндай төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шаралары жиі өткізіліп, оқушылар мен мектеп қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін тегіс біліп, қатаң сақтаулары керек.