8-қараша күні 9-11 сыныптар арасында Әбу Досумахамбет атындағы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия интернатында ғылыми жобалар байқауы өтті. Әділ қазылар алқасына облыс мектептері 18 секциядан құрылған бағыттар бойынша жобаларын ұсынды. Біздің «Парасат» мектеп-лицейінен төрт жоба дайындалып, қазылар алқасының назарына ұсынылды. Жобаға қатысушы оқушылар жақсы дайындалғандықтарын казылардың алдында көрсете алды және жоба жетекшілерінің үмітін толығымен ақтады деп айтуға болады.Әділ қазылардың шешімі бойынша байқаудағы ғылыми жобаларымыздың қорытындысы мынадай: 3-орынмен 3 оқушы , 1-орынға 1 жоба ие болды.Ақтық шешім бойынша келесі кезеңге 1 орын иегері Қошқарбай Ұмсынай тестке дайындалуға жолдама алды. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Аяпбергенова А.С. мен Ұмсынайға алдағы уақытта тестілеуден сүрінбей өтіп, ғылыми жобаның республикалық кезеңінде дәрежелі орындарға ие болсын деген тілекпен ақ жол тілейміз.