Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

«Адалдық сағаты» өтті

06-қарашада «Парасат» мектеп-лицейінде ортақ жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтті
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ол – қоғамның дерті болып отырған жемқорлықпен күресу. 4 негізгі құндылықты дарыту, яғни адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім. Бұл туралы тарих сабақтарында Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» мен Тәуке ханның «Жеті жарғысы» заңдарында өте жақсы айтылған.
ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттары: жемқорлық масштабын азайту, мемлекеттік органдардың ашықтығы, квазимемлекеттік және жеке секторлардың ашықтығы болып табылады.
Аталған құндылықтарды дарыту жолдары тарих сабақтарында, әдебиет сабақтарында жиі кездестіруге болады. Өйткені қазақтың ауыз әдебиетінде, ұлы ғұламаларының ұлы сөздерінде ұшырастыруға болады, Мысалы ұлы Абайдың «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі – сол» сөзін алуға болады.
Бұл іс-шарада жоғары сынып оқушылары әлеуметтік видео-роликтер көрді. Мысалға «Жемқорлық» атты видео-роликте ертеңгі күні студент болған уақытта жоғары рейтинг, сессия жабу, диплом алу кезіндегі пара берушілік және оның арты қылмыстық жаза екенін оқушылар түсінді



 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь