«Жүзден жүйрік» 2019 жылдың 16-25 қазан аралығында маунтинбайк спорт түрінен Алматы облысы Қапшағай қаласында 13-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Осы байрақты бәсекеге біздің болашағынан үлкен үміт күтер мақтанышымыз, «Парасат» мектеп-лицейінің 8 «Ә» сынып оқушысы Бейсембай Мансұр қатысты. Ол жеке жарыста жоғары нәтиже көрсетіп ІІ орын – күміс жүлдеге ие болды. Оның жаттықтырушысы Гераськин Евгений Михайлович. Алдағы уақытта Мансұрға әрқашан алда болып, жүлделі орындарға жете бер демекпіз. Жарайсың, Мансұр!