Жас жүректің өмірлік құштары –гүл, Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл. Қоштасып бүгінгі күн ұясынан Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр – деп ақын ағаларымыз жырлап кеткендей, осынау бір сырлы өлең жолдарымен 25 мамыр күні «Сыңғырла соңғы » атты соңғы қоңырау мерекесінің салтанатты жиын болып өтті. Ортаға 11 сынып оқушылары және сынып жетекшісі салтанатпен ортаға шақырылды. Жиынға Қызылжар ауданыны әкімінің орынбасары Ескендиров Марат Макенұлы, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Маденов Қалел Тулегенович құрметті қонақтар келіп, құттықтау тілектерін білдірді. Мектеп директоры Елеукина Сағат Құрманғалиевна мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, биылғы мереке «Жастар жылы» мерекесімен тұспа-тұс келгендігіне тоқталып, биылғы жылдың жетістіктерін айтып, түлектерге сәт сапар тіледі. Сонымен қатар оқу үздіктеріне мақтау қағаздары табыс етті. «Ұстаз-ана», «Егемен Қазақстан» әндері айтылып, бишілері би биледі. Мереке жалғасы мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған арнау өлең, ән – жырларымен, «Мектептегі вальс» мереке сәнін кіргізді. Мектеп бітіруші түлектерге балғын жас шыбықтар 1 - сынып оқушылар сәт сапар тілеп, тақпақтарын оқыды. Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11- сынып оқушысы Раймбек Ұлан мен 1-сынып оқушысы Бекболат Жасмин соқты. Мерекенің соңында түлектерді қазақтың ырымымен аластап, ақ жолмен шығарып салды. Осылайша сыңғырлаған қоңырау үнімен қоштасқан мектеп бітіруші түлектер ұстаздар қауымымен қимай қоштасты. Мерекелік жиын өте жоғары дәрежеде өтті.