«Парасат» мектеп-лицейі 9- сәуір күні «Келер ұрпақ қасыңнан мен табылам...» тақырыбында дәстүрлі түрде лицей күнін атап өтті.
«Парасат» мектеп-лицейі 9- сәуір күні «Келер ұрпақ қасыңнан мен табылам...» тақырыбында дәстүрлі түрде лицей күнін атап өтті.
Лицейіміз өзінің 9 жылдық тарихында еңбектің, ынтымақтың, бірліктің ұлық уәсіндей талай табыстарға қол жеткізді. Лицей күні ата-ана, мектеп, оқушы үштігін нығайту мақсатында Парасаттың ұстаздар әулеттеріне және шығармашыл отбасыларына арналды. Еңбегімен елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандар Сыздыковтар, Есматовтар, Арыковтар, Жанабековтар өз әулеттері туралы таныстырылым жасап қорғады. Мектеп ұжымындағы өнерлі ұстаздар өз балаларымен сахнада ән шырқап, жақсы көңіл-күй сыйлады. Баланың бойында жақсы қасиеттердің болуы өнер-білімді игеруі өскен ортаға, сонымен бірге білім беретін ұстазға, ата-анаға да байланысты. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік және шығармашылық құнды қасиеттерді сіңіріп, өз- өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар шешуші рөл атқаратыны белгілі. Сондықтан көктемгі демалысты пайдаланып, ата – ана мен бала қатынасын нығайту мақсатында «Менің арманымдағы үй» отбасылық жобасын ата-ана өз баласымен қорғап, жобаның ерекшеліктерімен таныстырды. Жобаға мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісінен бастап мектептің әр буынынан оқушылар қатысты. Барлық отбасылар алғыс хатпен марапатталды.