Облыстық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасы
Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жалелова Тәттігүл қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен жүлделі III орын алып, облыс намысын қорғайтын он екі оқушының қатарына еніп, сәуірдің 24-і күні Өскемен қаласында өтетін республикалық олимпиадаға қатысқалы отыр. Олимпиада мақсаты- Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Пән олимпиадасынан артық болмаса кем түспейтін бұл олимпиада оқушылардың тіл мен әдебиетінен жан-жақты білімді болуын талап етеді. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең берілген тақырыптардан біреуін таңдап 300 сөзден тұратын эссе жазу болса, 2-кезеңде қатысушы тапсырмада берілген 5 сұрақты әділқазылар алқасына ауызша жеткізу. Тәттігүл нағыз қазақ тілі мен әдебиетін сүйіп оқитын оқушылардың бірі. Қолына қалам алып, шығарма, эссе, өлең жазарда уақыттың зымырап өтіп бара жатқанын ұмытып, қаламын қағаз бетінен алмай өз ойын ұшқыр да жан-жақты жазады. Тіл мен әдебиетке байланысты өтілген аудандық, облыстық олимпиадалар мен сайыстарға жетекшісі Арыкова Эльвира Ерсаинқызы белсене қатыстырып, жүлдері орындарды бұдан бұрын да иеленіп жүр. Болашақта тілші мамандығымен өз өмірін байланыстыруды көздеп жүр. Оқушымызға тек сәттілік тілеп, бар ниетімізбен қолдау көрсетеміз.