Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ! СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ! СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ

ІС-ӘРЕКЕТ

         Су тасқыны болғанда не істеу керек?Егер сіздің үйіңіз су басатын аймаққа жатады деп хабарланса:
1. газ, су, электр жүйесін өшіру керек;
2. пештегі отты сөндіру қажет;
3. жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына бағалы заттар мен бұйымдарды шығару керек;
4. есік, терезелерді жауып, төменгі қабаттағы үйлердің есік, терезелерін ағашпен қағып тастау қажет.
         Егер қоныс аудару жайлы хабар алсаңыз:
1. жылы, ыңғайлы киім, етік, көрпе, ақша және бағалы заттарды дайындап қойыңыз;

2. үш күндік тамақ дайындаңыз;
3. алғашқы медициналық көмекке қажетті, өзіңіз қолданатын дәрі-дәрмектерді дайындау;
4. жеке куәліктер мен қажетті құжаттарды су өтпейтін қалтаға салу керек;
5. төсек орын және жеке өзіңізге қажетті заттарды өзіңізбен бірге алу керек.
         Барлық заттарыңыз бен тамақты рюкзакка, чемоданға немесе үлкен сөмкеге салған дұрыс. Қауіпті аумақтан қайда, қалай (көлікпен, жаяу) бару керектігін хабарланады. Соңғы қоныс аудару пунктіне міндетті түрде тіркелу қажет.
         Су кенеттен қатты көтерілгенде не істеу керек?
         Біріншіден – үйді қорғап қалу шараларын жасап, қоныс аударуға дайындалу керек.
         Екіншіден – неғұрлым тезірек биік жерге орналасу керек. Қоныс аударуға қажетті заттарды дайындап қойған абзал.
         Қайықтан басқа жүзуге жарайтын бөшке, бөрене ағашы, есіктер, автокөлік камералары, т.с.с. заттарды дайындау керек.
         Көмек келгенше немесе су тасқыны басталғанша жоғарғы қабатта, шатырда, ағаш басында болған дұрыс. Құтқарушылар тобы тезірек табу үшін күндіз жоғары жерге немесе ашық түсті мата байлап қою керек, түнде – жарық беріп тұрған абзал.
         Құтқарушылар келіп жеткенде қайыққа, катерге біртіндеп өтіп орналасу керек. Су үстінде орын ауытыруға, жүруге, бортқа отыруға болмайды.
         Су басқан ауданнан өздігінен тек басқа амал болмаған жағдайда немесе біреуге медициналық (дәрігерлік) көмек керек болған жағдайда, су қатты көтеріліп немесе құтқарушылар келмейтініне көз жеткенде ғана өтуге болады.
Әрдайым мынаны ұмытпау керек:
         Суға түскен тағамды жеуге болмайды, су басқан құдықтың суы тазармайынша ішуге болмайды. Өлген жануарлар жайлы жергілікті басшыларға хабарлау керек.

         Ауыз суды, су болған тағамдарды санитарлық қызмет орындары тексергеннен кейін ғана қолданған дұрыс.
         Эпидемия – су тасқыны салдарынан болатын құбылыс екенін ұмытпаңыз!

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь