Мектепте АҚТБ және ЖҚТБ күрес айлығы аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Мектепте АҚТБ және ЖҚТБ күрес айлығы аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді. АҚТБ және ЖҚТБ жайлы мәлеметтерден кітапханада көрме ұйымдастарылды, бейнеролик көрсетілді, мектептін фойесінде ақпараттық стенд жасалды, «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары оқушыларға парақшалар таратты. Дәрігермен кездесу ұйымдастырылынды, қандай жұқпалы аурулар бар, қалай беріледі, АҚТБ және ЖҚТБ ауруы қайдан келген,қалай сақтану керектігі айтылды. Балалар түсінбеген мәселер бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын естіді. Дене шыныктыру мұғалімдері 7-сыныптар арасында «Біз ЖҚТБ- ға қарсымыз» спорт жарысы өткізді. 5,6,8 -сыныптар арасында шағын футбол бойынша жарысы өткізді.