"Парасат" мектеп - лицейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.
2018 жыл 30 қараша күні "Парасат" мектеп - лицейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мақсаты жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны ретінде қалыптастыру. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы" қатарына Бескөл ауылы мектептерінің 5-сынып оқушылары қабылданды. Оқушыларды Қызылжар ауданы әкімі орынбасары Нургалиева Алма Амангельдиновна, аудандық маслихат хатшысы Молдахметова Айжан Асқарқызы,«Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Жумабаева Мара Маскеновна, Қызылжар ауданының білім бөлімінің басшысы Аюпов Берік Елюбайұлы ,еңбек ардагері, «Парасат» мектеп – лицейі алғашқы директоры Ибраев Темирхан Омарұлы және «Жас Ұлан» қатарына алғашқы қабылданушы, Грек-рим күресінен әлем чемпионы Аманғали Бекболат құттықтады. "Жас Ұландықтар" ант қабылдап, патриоттық ән шырқады.