Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек ретінде ұсынылған «ХХІ ғасырдағы ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциясы өтті.

2018 жылдың 22 қыркүйегінде «Парасат» мектеп-лицейі» КММ-де Қазақстан Ресбуликасы білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша және Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесе дайындалған, 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек ретінде ұсынылған «ХХІ ғасырдағы ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференция барысында:

  1. Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері.
  2. Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады: сауатты тәрбиенің 12 ережесі.
  3. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар.
  4. Кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.
  5. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
  6. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
  7. Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлықтың алдын алу.
  8. Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ? – деген проблемалар қарастырылды. Жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар ғана берілмеген, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша жасалған бейнероликтер де қамтылған.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь