Бұл олимпиаданың мақсаты аға тәлімгерлердің кәсіби құзіреттілігін көтеру, тәрбие қызметінде және мектепті басқару жүйесіндегі орнын анықтау. Аға тәлімгердің кәсіби имиджін қалыптастыру; республикадағы тиімді жұмыс жасап жүрген аға тәлімгерлерді анықтау; білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары мен оқушылардың өзін-өзі басқару органдары, ата-аналар қоғамдастығы арасындағы іскерлік әрекеттестік мәдениетін жоғарылату қатысушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; аға тәлімгерлердің жағымды, озық тәжірибелерін кеңінен тарату міндеттері көзделді.
1 тапсырма бойынша өзін-өзі таныстыру «Мен балалық шақтың штурманымын» және екінші тапсырманы орындау барысында ұсынылған үш тақырыптың ішінен тек біреуін таңдап, өз шығармашылықтарын көрсетті.