Бастауыш сыныптар арасында өткен аудандық мағжан оқулары
Мектебімізде Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын көп білетін бастауыш сыныптар арасында ағымдағы жылдың 26 сәуір күні аудандық Мағжан оқулары өткізілді.
Елін сүйген Мағжан ақынның 125 жылдығына арналған аудандық «Мағжан оқуының» мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР ның «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында, жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой санасының қалыптасуына ықпал ету. Ережеге сәйкес Мағжан оқулары екі бағыт бойынша 30 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқыды. 1.«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу байқауы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін байқау басталғанға дейін ұсынды. 2.«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар байқауы. (өз шығармаларын орындау). (Қатысушы өз шығармаларының жинағын алдын ала тапсырды). Байқаудың қорытындысы бойынша, І орынға – 5 оқушы, ІІ орынға – 9 оқушы, ІІІ орынға ие болған оқушылар саны – 12 оқушы. Барлық оқушылар дипломмен және сертификатпен марапатталды.