«Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс-
біздің дамуымыздың ең басты қағидасы.
Өмір сүру үшін өзгере білу керек»
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты мақаласынан
«Парасат» мектеп-лицейінде бесінші ақпан мен жиырма сегізінші ақпан аралығында мектеп басшысы Елеукина С.Қ. ұсынысымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің заманауи сабағым» тақырыбында ашық сабақтар айлығы өтті. Ашық сабақтар айлығын өткізу мақсаты: тәжірибе алмасу, педагог қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін көтеру, тәжірибеге жаңа заманауи инновациялық технологияларды енгізу, өз іс әрекеттеріне шынайы және әділ баға беру; мектеп, оқушы, ата-ана үштік одағының байланысын нығайту; рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, балалардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, ата – ана мен балалардың, мектептің педагог қызметкерлерінің арасындағы байланысты күшейту. Айлық барысында елуден астам ашық сабақтар берілді.Мектепке дейінгі ұйыммен сабақтастықты нығайту мақсатында «Балбөбек» шағын орталығы мен мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері де ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен шәкірт алдында өткізген әрбір сабағының қызықты да тиімді өткізуіне байланысты. Сапалы, тиімді, нәтижелі әрбір сабақ ұстаздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Мектебіміздің мұғалімдері айлық барысында шығармашылық атмосфера құрып, ұйымдастырушылық қабілеттерін жақсы танытты. Әр сабақтың өзінің бір заманауи ерекшелігі болды. Мұғалімдер сабақ өткізу барысында оқытудың заманауи педагогикалық техналогиялар элементтерін және әдістерін тиімді қолдана білді. Ұстаздар қауымы өз жұмыстарында заманауи техникалық құралдарды пайдаланды. Қазіргі заманда ағылшын тілін меңгеру заман талабына айналып отыр. Осыны мақсат ете отырып қазақ тілі,математика,химия,орыс тілі пәнінің мұғалімдері сабақтарында үштілділіктің элементін қолданды. Себебі, ағылшын тілін жақсы меңгеру еліміздің бәсекеге қабілетті бола алуына кепілдік береді. Сабақта алынған тапсырмалардың барлығы оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған болды. Ашық сабақтар айлығы оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашты. Оқушылар сабақтарда өзін-өзі ұйымдастыруда жақсы деңгей көрсетті, мұғалімнің талабын жоғары деңгейде орындады, оқытудың жан-жақты іс-әрекеттерін жеткілікті мөлшерде меңгеру деңгейін көрсетті. Оқушылар әр пәннен, әр түрлі жағдайда, сонымен бірге қиын сұрақтарды шешу кезінде өзара бір-бірлеріне қолғабыс жасап, жақсы білімдерін көрсетті. Әр өткізілген ашық сабақ фото,видеоға түсірілді.Мектептің фойесінде өткен сабақтар сәттерінен түсірілген фотолардан фотогалерея жасалды. Мектепке келген ата-ана қауымы галлереяға саяхат жасау арқылы барлық сабақтарды тамашалап, тиімді кері байланыс берді. Осы іс-шара келесі оқу жылдарында да өз жалғасын табады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау