Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Парасат» мектеп-лицейінде «Бүгінгі түлек – ертеңгі тірек» атты мектеп түлектерімен кездесу өтті. Шарада алғы сөз сөйлеген Сағат Құрманғалиқызы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық сананы жаңаша қалыптастыру, басқа елдердің озық тәжірибесін, жетістіктерін бойға сіңіріп, пайдамызға асыру бүгінгі күннің талабы екенін тілге тиек етіп, білімге ұмтылып, жақсыға үйрену, жаманнан жирену қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ аталған мақаладағы «Туған жер» бағдарламасы аясында өтіп жатқанын хабардар етіп, бағдарламаны жүзеге асыруға әрбір қазақтың жүрегінде патриотизмді ояту, туған жерді құрметтеу, қоршаған ортаны аялау секілді қасиеттерді сіңіру кіретіндігін баса айтты. Түлектер кешіне ардақты ұстаздар Темірхан Омарұлы, Зылиқа Кенжебайқызы, Жанат Сақтанқызы келді. Кешіміздің қонақтары мектеп басшысына және түлектерімізге өздерінің лебіздерін білдірді. Сөз тізгінін кездесуге қатысушы түлектер алғашқы мұғалімдерін еске түсіріп, оқушы кездеріндегі жылы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар олар бүгінгі күні мемлекет тарапынан жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып, тек білім алу қажеттігін жеткізді. Түлектер мамандық таңдау туралы өздерінің кеңестерін беріп, тәжірибелерін айтты. Бұл түлектердің қайсысына болмасын ой салған тәрізді. Мектеп оқушылары өздерінің өнерлерімен кешке қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш қонақтары осындай кездесу өткізген мектеп басшысына алғыстарын білдірді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау