Мен мектеп басшысы Сағат Құрманғалиевнаның қолдауымен 31.01.18-20.02.18 аралықта Республикалық «Балдаурен» лагерьіне демалуға бардым.
Осы демалыстан үлкен әсер алып келдім.Көптеген достармен таныстым.Әр күнім әртүрлі іс-шараларға толы болды.Сабақтар үш тілде өтті. Атап айтсақ, «Ойнайық та, ойлайық!», шашки, шахмат,домино ребус шешуден жарыстар, лагерь демалушылары табиғатқа саяхатқа шықты.Саяхатқа бардым және бассейнге түстім. Лагерде балаларға жағдай жасалынған.
Лагерде тәрбиешілер мен тәлімгер, дене шынықтыру және ән-күй мұғалімдері балалар демалысын қызықты өткізуге барын салуда. Аспазшылар күнделікті дәмді тағамдарын дайындап, мейірбике қадағалауымен ас мәзірінде балалардың денсаулығына пайдалы тағам түрлері ұсынылды.