Мен, Сулейменова Саягүл, «Парасат» мектеп-лицейінің 9 «A» сынып оқушысы облыс әкімнің қолдауымен 21-22 ақпан аралығында Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жолдауымен оның ішіндегі «Болашаққа бастар жол» семинар-тренингке қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасында болдым. Бірінші тақырып «Бәсекелестік қабілет- ұлттың XXI ғасырдың жаңғыруы», екінші тақырып «Ұлттың бірегейлікті сақтау», үшіншісі «Тарихи жолмен және Қазақстанның эволюциялық жолмен дамуы» және төртінші тақырып «Сананың ашықтығы». Дәріс берген философия ғалымдарының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Бердағұлова Сағынтай Кеңесқызы. Салт-дәстүрімізді, дінімізді сақтай отыра, эволюциялық жолмен жаңғыруымыз керек, сонымен қатар көп ұлт боп, бірлікте өмір сүруіміз қажет.
Кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінде экскурсия жүргізілді. Экскурсия Қазақстанның атақты әншілері Жеңіс Ысқақова, Айгүл Иманбаева, Айгүл Қосанова, Дос, Нүркен Өтеуілов және актер Дәурен Серғазин қатысуымен болды. Одан әрі экскурсия ҚР Тұңғыш Президентінің- Елбасының Музейінде жалғасты. Музей Астана қаласының аса көрікті ғимараттарының бірі болып саналады. Н.Ә. Назарбаев жеке кабинетінде өзекті мәселерді шешіп, басқа елдермен келісімге отырады.
Бұдан алған әсерім ерекше. Осы семинар-тренингке қатысқаныма өте қуаныштымын. Өз атымнан Аудандық білім бөліміне және мектеп басшысына шексіз алғысымды білдіремін.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау