«Парасат» мектеп- лицейінің мектепке дейінгі ұйым бірлестігінде «Вариативті сабақтарды ұйымдастыру арқылы балалардың бойына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеясын сіңіру»тақырыбындағы аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты:Тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін арттыру және балалардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру.
Семинардың міндеттері:Ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы тәжірибе алмасу,ұйымдастырылған оқу қызметінде тиімді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы сапалы нәтижеге қол жеткізу, тиімді кері байланыс беру,пікір алмасу,қорытындылау.
Семинарға 16 адам қатысты. Семинар барысында 7 ұйымдастырылған оқу қызметі көрсетілді. Қатысушылар «Балаларды зерттеу әрекетіне баулудың тиімді жолдары», «Мектепке дейінгі өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді оқытудың тиімді жолдары», «Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру тәрбиесінде дәстүрлі және заманауи әдіс-тәсілдерінің сапасын қамтамасыз ету», «Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалрдың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыптарында тәжірибе бөлісті.Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып,тиімді кері байланыс берілді. Семинарда тәжірибе бөліскен қатысушыларға сертификат берілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау