Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласының басты мақсаты әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озық жүріп, жаңғырып отыру тиіс. Қоғамдық сана жаңғыртудың негізгі қағидаларын қалыптастырып ғана қоймай, заман сынағына лайықты нақты жобаларды жүзеге асыруды талап етеді. Соның бірі - қазақ тілін біртіндеп, латын әліпбиіне көшіру. Қазақ тілінің әліпбиінің тарихы тым тереңде жатыр. Соның алғашқысы «Орхон-Енесей жазулары» деген атаумен танылған түркілердің руникалық жазуы болған. Бұл жазу ислам діні қабылданғанға дейін қолданыста болып келді. Ал 1929 жылы 7 тамызда КСРО орталық атқару комитетімен КСРО халық коммисарлары кеңесінде Президиумы латындырылған жаңа әліпби енгізу туралы қаулы қабылдап, 1940 жылға дейін қолданылып келді, кейін кирилицаға ауыстырылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсан айындағы жолдауында жария еткендей «Қазақстан - 2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуіге кірісуіміз керектігін» мәлімдеді. Бұл дегеніміз бүкіл іс-қағаз, мерзімді баспа сөз, оқулықтар барлығы латын әліпбиімен басып шығарылады.
Латын әліпбиі,не көшудің оң жақтары өте мол. Біріншіден, бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, 21 ғасырдағы ғылым мен білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты болып отыр. Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу.
Осында оң өзгерістерді байқай отыра, Елбасының осынау құнды идеясын толықтай қолдаймыз.