«Латын әліпбиі – заман талабы» аудандық дебат сайысы
Ақпан айының 1-ші жұлдызында «Парасат» мектеп-лицейі қабырғасында «Рухани жаңғыру» «Туған жер» бағдарламаларының «Тәрбие және білім» қосымша бағдарламасы аясында «Тарих онкүндігінің» жоспары негізінде «Латын әліпбиі – заман талабы» аудандық дебат сайысы өтті.Бұл дебат сайысына ауданымыздың 3 мектебі қатысты – Бәйтерек о/м, Архангелка о/м, Новокаменка о/м және «Парасат» мектеп-лицейі. Осы сайысқа құрметті қонақтары ретінде СҚО тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Жанатов Орал Сәбитұлы, «Ұлттық мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Тұрсынов Бақытжан Саматұлы, Қызылжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы – Бекқожина Диана Елубайқызы, СҚО тілдерді оқыту орталығының Қызылжар ауданы бойынша әдіскері – Аскандиров Нұржан Берденұлы және АББ әдіскерлері Сайдалинова Күнсұлу Зейноллақызы мен Байгужина Әсия Ескенқызы шақырылды.Сайыстың қорытындысы бойынша 3-ші орынға Новокаменка және Архангелка орта мектептері, 2-ші орынды Бәйтерек орта мектебі ал жеңіске жеткен команда «Парасат» мектеп-лицейі болды. «Парасат» мектеп-лицейі командасы құрамында 11 «Ә» сыныбы оқушысы Молдахмет Мерей, 11 «А» оқушысы Хасенова Мадина және 9 «А» сыныбынан Амангелді Айым қатысты. Ал ең «Үздік спикер» атағы Амангелді Айымға бұйырды.