Мектепте өткізілген кәсіби бағдар оқушыларға қазіргі заман талабына сай мамандықтармен танысуға көмектеседі, балаларға өз-өздерін тануға және кәсіби дамуға ынталарын жетілдіреді. «Парасат» мектеп-лицейінің 9- 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша үгіт-насихат мақсатында кездесулерболды. Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадет корпусы және Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Қандай мамандықтар бойынша оқуға түсуге болатыны оқушыларға маңызды болды, кездесу барысында талқыланды. Оқу орындары туралы бейнематериалдыр көрсетілді.