Тарих 10 күндігі аясында 5-7 сыныптармен мұражай сабағы өтті
Оқушыларға елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 12 сәуір 2017 жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жүктелген «Туған жер» атты бағдарламасын жеткізу және патриоттық сезімдерін ояту.
Кез-келген адам үшін өзінің туған жерінен артық жер жоқ. Туған жері, елі туралы сөз қозғағанда, әрине қазақтың айтары көп. Осы ретте елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты терең, маңызды мақаласы еліміздің қоғамдық өміріне үлкен серпін әкелді. Бұл жаңғыруды халқымыз көп күткендей, жер-жерлерде айтулы шаралар, тиісті жұмыстар іске асырыла «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады».
Жалпы бұл бағдарламаның негізігі мақсаты тәуелсіздік алған жылдары тоқырап қалған өлкетану жобасын қолға алу. Батырлар мен ақындар бірі найзамен, бірі жырымен қорғап қалған ұлан байтақ даланың қазіргі иесі ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару керек .
Сондықтан әр мұғалім алдында «Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуына, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндеті тұр. Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жеткізу– басты парыз болып саналады.