Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

BILIM land

block2_eop.png?_=1495529725
<

 введите текст 

введите текст

Театрға сапар

            Біздер , яғни қазіргі адамзат, өте бақытты жандармыз. Еліміз көркейіп, өрісіміз кеңейіп,санамыз жаңарып  шат – шадыман өмір сүрудеміз. Бұл жарқын өмірдің қалай келгенін жас ұрпақ  жақсы білуі керек . Өткенімізді біліп, болашаққа адым жасау үшін заман ағысына сай теңіз толқынымен ілесе алулары  қажет. Өскелең ұрпақтың бабаларымыздың өткен жолын, бастарынан кешкен дәуірлерін білгендері абзал.

          Қазіргі заманауи кезеңде ұрпақтарға бабаларының  өткен өмір жолдарын ұғындырып, рухани саналарын жаңартуда  ұстаздардың үлестері ерекше.  Сол себепті  «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған іс – шара бойынша желтоқсанның он үші күні « Парасат» мектеп – лицейінің 162 оқушысы мен ұстаздар қауымы   Сәбит Мұқанов атындағы театрға барып, Қожаберген жыраудың  355 жылдығына орай  дайындалған « Дауылпаз баба – Қожаберген жырау» атты қойылымды тамашалап келді.

           Аталмыш қойылым иісі қазақ даласына аты мәшһүр Қожаберген жыраудың « Елім – ай» дастаны негізінде сахналанды. Сахналық қойылымда  өткір тілді, орақ ауызды дауылпаз баба  жайлы ой қозғалып,  хан мен билердің арамза ойлары өткір сынға алынып , қазақ хандығының ішкі – сыртқы саяси хал ахуалы  өрнектелді.

         Қазақ  мемлекетін қалыптастыруда  ерен еңбек сіңірген ерекше тұлға Қожаберген жыраудың  орны бөлек. Көшпенді тіршілік кешкен қазақ даласының өткен тарихы мен сол заманның тар жол тайғақ кешуін көзімен көріп , өлеңмен өрнектеп дастан еткен жырау. Қожаберген бабамыз  қолына найза ұстап, қазақ батырларымен жат жұрттың шапқыншылығына төтеп берген, қиын қыстау кезеңдерде ханның қасынан табылып, кемеңгер ойын айтқан данагөй адам .       

         Қожаберген жырау  жайлы театрға барған шәкірттер бабаларының  өткен жолдарын өз көздерімен көріп, қойылым кезінде оқиғаның әсер еткені соншама  кейбір оқушылардың көздерінен жас тамшылары  ағып жатты. Қойылымды тамашалаған шәкірттеріміздің  сан құбылған жүрек тебіреністері , толқулары  көрінді. Міне, шәкірттер үшін бұл сапар естен кетпестей болды. Жақсы әсер алып қайтты. Бабалар жолы рух беріп, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсірді. Еліміз көркейіп, рухымыз жаңғырып, басқан қадамымыз анық болсын!





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь