Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында "Мен және менің отбасым" атты 2 сыныптар арасында спорттық іс -шара өтті. Ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдылыққа үйрету мақсатында өткізілді. Сайысқа Секибаевтар, Омаровтар, Гариповтар отбасы қатысты. Қорытындысы бойынша "Ең төзімді" номинациясы бойынша "Қыран" тобы, "Ең жылдам" номинациясы бойынша "Достық" тобы, "Ең мықты" номинациясы бойынша "Бірлік" тобы марапатталды.