14.10.10 күні «Парасат» мектеп-лицейінде аудандық оқу бөлімінің жоспары негізінде аудандық мобильдік топтың отырысы өтті. Отырысты мектеп үйлестірушілері Омарова Ш.Х. мен Искакова С.К. ұйымдастырды. Өткізілетін жерде жаңартылған бағдарлама бойынша әр түрлі құжаттардан көрме ұйымдастырылды. «Парасат» мектеп-лицейі №2 БОМ, Бәйтерек ОМ,Архангелка ОМ, Новокаменка ОМ, Озерны ОМ, Пеньков ОМ,Петерфельд ОМ, Шахау ОМ тірек мектеп болып тағайындалды.Топтың отырысына 15 мұғалім қатысты.Оның ішінде 11-і тренерлер, 4-і көшбасшылар. Және АББ әдіскері Роза Алдабергеневна қатысты. Отырысты мектеп психологі Тюлюп Р.Т өз тренингісімен бастады.Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.Бастауыш сынып мұғалімдері Сыздыкова А.Қ.,Қорғанбаева З.Т. «Дескрипторлар құру,оқу мақсаты бойынша бағалау критерйилерін құру,смк сайтына кіру,электронды журнал толтыру» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Қатысушылар шеберлік сыныптың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Отырыста келесі кездесулер әр тоқсанның демалыс кездерінде өтуіне ұсыныс жасады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау