Кәсіби бағдар беру
Қызылжар аудандық төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері Е.Ж. Құрманғожин және Д.К. Калелов «Парасат» мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырды. Ең алдымен жалпы төтенше жағдайларды болдырмаудың, оның алдын алу жайында Е.Ж. Құрманғожин жан-жақты түсіндіріп айтып берді. Төтенше жағдайлар комитетіндегі жұмыс істейтін мамандар, мамандықты таңдау, қандай оқу орында оқу және қай қалада мамандарды дайынтайтынын білу оқушыларға маңызды болды, сұрақтар да кездесу барысында талқыланды. Көкшетау қаласындағы «Көкшетау техникалық институтында» осы мамандыққа оқытып, даярлап шығады. Оқу мерзімі төрт жыл. Оқуға түсу үшін ҰБТ тапсырады, физика пәнін таңдау керектігін, сондай-ақ 3000 м дейін қашықтықта жүгіру, тартылу стандарттарын тапсыру қажет екенін атап кетті. Оқуға түскен жағдайда мемлекет қарамағында болатындарын, жатаханамен қамтамасыз етілетінін, спорт үйірмелерінің жұмыс істейтіндігін бейнефильм арқылы таныстырды. Бітіріп шыққанда лейтенант шенін алып шығатындарын, жұмыс орнымен қамтамасыздандыратынын айтты. Оқуға түскісі келетін оқушы ең алдымен Қызылжар аудандық Бескол өрт сөндіруші бөлімшенің бастығына барып өтініш білдіру керектігін атап көрсетті. Кездесуде осы мамандыққа деген қызығушылығын танытқан оқушылар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып. Келген қонақтардан нақты жауаптар берді. Кездесуге 56 оқушы қатысты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау