«Қартарым-асыл қазынам»
Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Мектебімізде қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Концерте мектеп басшысы С.Қ Елеукина өзінің қарттарға арналған игі тілегін білдіріп алғыс айтты. Оқушылардың көмегімен мерекелік концерт ұйымдастырылды.Күй ойналды би биленді арнайы облыстық филормониядан әншілер шақыртылып ән шашуларын тарту етті.Қарттардың өмірлерінің кейбір қызықты сәттерін еске түсіретіндей сұрақтар қойылды. Қонақтарға еңбектің зейнетін көріп отырған шақта әр ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны үшін алғыстарын білдірді. Қарт қариялар да оқушыларға шынайы ризашылығын білдіріп, өмірде үлкен табыс тілеп, еліміздің мәртебесі биіктеп, ел-жұртымыздың, келер ұрпақтың, береке-бірлігі таси беруге тіледі.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау