Фестивальдің мақсаты: Оқушылардың бойында рухан адамгершілік қасиеттерді дамыту, патриоттық сезім қалыптастыру, ұлтаралық сыйластықты тәрбиелеу рухани жаңғыру идеясын жүзеге асыру.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көзделген қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіру мәселесі-болашаққа батыл қадам жасап, елімізді әлемге танытудың бір жолы және тіліміздің болашағы үшін жасалған маңызды бастама.
«Парасат» мектеп-лицейінде «Тілдер күні» онкүндік аясында тілдер фестивалі өтті. Фестивальде оқушылар Қазақстан Республикасы көп ұлттың мемлекет екенін көрсете алды. «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында үш тілде жазылған әдеби шығармалардан көрме ұйымдастырылды. Күмбірлеген күйімен құлақ құрышын қандырып , домбыра ансамбілі фестивальді ашты. Фестивальде қазақ тілінде, орыс тілінде және басқа тілдерде өлеңдер, тақпақтар айтылды. Атадан балаға жалғасқан ұлт қазынасының бірі би өнері. Мектептің мың бұралған биші қыздары әр ұлттың киімін киіп, биін билеп өнерлерін паш етті. Іс-шара өте жақсы деңгейде өтті. Қатысқандар өз ризашылықтарын білдірді.